Қызмет көрсету орталығы

"ALEKS-ASU" ЖШС өзінің зияткерлік капиталын үнемі жетілдіру мен дамытуға ұмтылады, өйткені қызметкерлер – компанияның басты құндылығы.

"ALEKS-ASU" ЖШС қызмет көрсету орталықтары – бұл әлемдік жабдық өндірушілерінің оқуынан тұрақты түрде өтетін кәсіби қызмет көрсету тобы.

Біздің Қызмет көрсету орталықтары XEROX, HEWLETT PACKARD, TOSHIBA, CANON, RICOH, PANASONIC, KIP және басқа да компаниялардың шығарған барлық жабдықтарына қызмет көрсетеді.

Біз кез келген күрделі электрондық жабдықтарды (мониторлар, ноутбуктер, серверлер және т.б.) жөндеу қызметтерін көрсетуге дайынбыз.

Қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты – сыртқы немесе ішкі тұтынушылардың орындалған жұмысқа қанағаттануын қамтамасыз ету.

Қызмет көрсету орталығының маманы:

  • Жабдықты іске қосу, жөндеу, техникалық қызмет көрсету, орнату және бөлшектеу жұмыстарын орындайды;
  • Тапсырыс берушінің операторына бастапқы нұсқаулық береді;
  • Тиісті деңгейді қамтамасыз ету үшін бөлінген жедел қоймадағы қосалқы бөлшектердің қорын талдайды және қолдайды, жабдықтың қалпына келтіру уақытын азайтады;
  • Техникалық құжаттаманың талаптары мен өндірушінің ұсынымдары негізінде қызмет көрсету келісімшарттары бойынша қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын дұрыс және заңды пайдалануды қамтамасыз етеді;
  • Ақпаратты қабылдау және беру, есептеу техникасын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
  • Жабдықты тексеріп, алдын ала қарауларын жүргізеді, ақауларды дер кезінде анықтап, оларды жояды, машиналардың элементтері мен блоктарын, жекелеген құрылғылар мен түйіндерді реттеп, ағымдағы және алдын алу жөндеулеріне қатысады;
  • Уақытылы оқыту орталығында біліктілігін арттырады.
Контакты
Главный офис

РК, 030012, г. Актобе, ул. Бр. Жубановых 276 Б.

Телефон: