Кәдеге жарату
Біздің компанияның негізгі қағидаларының бірі – экологияға қамқорлық.
Біз өз клиенттерімізге қызметтерді әзірлей отырып, экология мәселелерінде синергияға қол жеткізуге тырысамыз. Біздің міндетіміз – біз ұсынатын жабдықтардың өмірлік цикліне жауапкершілікпен қарау.
Біз «KazWaste» Қазақстан қалдықтарды басқару қауымдастығының мүшесіміз

Біздің компания жабдықтарды жоюға арналған кешенді шараларды ұсына алады және барлық қажетті есептен шығару актілерін береді.
- Біз электронды және электрлік жабдықтарды кәдеге жарату рәсімін жүзеге асырамыз. Картридждерді, қатты дискілерді, корпустарды және басқа компьютерлік және перифериялық жабдықтарды шығарып, кәдеге жаратамыз және барлық қажетті актілерді ұсынамыз.
- Бізден сатып алынған жабдықтарды тегін кәдеге жарату;
- Баспа аутсорсинг бойынша келісім-шарт автоматты түрде жабдықтар мен картридждерді кәдеге жаратуды қамтиды.